Аңдатпа
Мақалада Қазақстанда жүргізілген 1960 - жылдардың ортасынан 1990 жылға дейін жүргізілген шаралар экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары мұрағат құжаттарының негізінде жан-жақты сипатталған. Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы бәрімізге мәлім. 1960 жылдары Қазақстанда ұсақ колхоздар негізінде жаңа совхоздар құрылуы. Сол кезеңде ірі шаруашылықтар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін қаншалықты атқарылғандығы қарастырылған. Өкіметтің ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-тұрмыс деңгейін көтеру жөніндегі жүргізген шаралары қаншалықты денгейде орындалғандығы, оның себептері көрсетілген. Еңбекшілердің әлеуметтік-тұрмыс деңгейінің артуы ел экономикасының даму деңгейіне байланысты екендігіне сипаттама берілді. 1960-1970 жылдары жасалған аграрлық реформаның нәтижесі және оның Қазақстанға тигізген әсері мен салдарлары туралы қорытынды мағлұматтар берілді. 1990 жылдардың басында ауыл шаруашылығында үлкен дағдарыстың орын алуы. Тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендірудің пайда болуы. Жекешелендіру барысында қарапайым халықтың жағдайы сипатталған. Экономикалық жағынан нашар колхоздардың ірілендірілендірілуі. 1960-1990 жылдары Семей облысының ауыл шаруашылығының даму тарихы мен экономикалық көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы өнімдердің өндірілуін және ондағы қол жеткізген жетістіктер мен жіберілген кемшіліктері көрсетілген.