Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР: ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ МОДЕРН ТРЕНДТЕР

Жарияланған January 2022

87

астана
Аңдатпа

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР: ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ МОДЕРН ТРЕНДТЕР

 

Аңдатпа

Қазіргі теледидар қоғамдық пікір қалыптастырудың ең басты құралдарының біріне айналды. Теле-дидар мен кино өнерінің арғы тегі бір болса да, екеуінің өзіндік, айшықты ерекшеліктері бар. Теледидар негізінен жедел ақпарат таратуды көздесе, кино өнері кеңістік пен уақытқа тәуелді. Кинодағы қозғалыс бұл дамудың көрінісі болса, телевидениедегі қозғалыс ақпаратты білдіреді. Кино сюжетке, телевидение композицияға  негізделеді. Телеарна «бүгінді» көздейді, кино өте ұзақ мерзімдік. Осындай ерекшеліктері бар бір саланың екі тармағының қазіргі таңдағы кейбір мәселелерін қарастырып, оның қазіргі кезеңдегі сипатына, жетістіктеріне, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөліне, қоғамдық дамуға қосатын үлесіне талдау жасамақпыз. Бұл бағыттағы негізгі нысанамыз телевидениедегі деректі фильмдер болады. Қазақ телевизиясы өзінің ең алғашқы хабарын 1958 жылы 8 наурызда эфирге шығарған екен. Сол кезеңдегі техникалық жабдықталудың ең нашар жағдайына қарамастан, көрермендердің тарапынан ерекше қызығу-шылық тудырғаны анық. Өйткені телевидение арқылы қоғам жаңа кезеңге көтерілгендігін көрсетті. Содан бері біздің ұлттық телевидениеміз тек жаңалықтар беріп қана қоймай, деректі фильмдер түсіруді де жолға қойды. Оны дамытты. Біз бұл зерттеуімізде телевидение саласындағы деректі фильмдердің өзіндік ерекшеліктерін, бүгінгі жаңа трендтерді саралаймыз.

Кілт сөздер: деректі фильм, сценарий, модерн, кейіпкер, эмоция, кескін.

Тіл

Қазақ

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
ibrseva, elmira 2022. ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР: ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ МОДЕРН ТРЕНДТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 68, 4 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.09.