Мақала Алматы қаласы мен оған қарасты колхоздардағы 1920-шы жылдың аяғы мен 1930-шы жылдардағы астық дайындау науқанын зерттеуге арналған. Мақалада Алматы Қалалық Мемлекеттік Архивінің қорларынан табылған және алғаш рет ғылыми айналымға алынған сирек деректер негізінде, астанаға айналып келе жатқан қаланың ішкі шаруашылық өмірінің құрылымы, тұрғындар саны мен сапасы қарастырылады. Әсіресе, астық дайындауға жәрдемдесетін комиссиялардың 1929 жылы пайда болуы мен қызметі туралы айтылады. Жаңа деректер мен зерттеулер негізінде 1920-шы жылдардың аяғы мен 1930-шы жылдардың басындағы шаруаларға қатысты мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен астық дайындау науқандары кезінде партия басшылығының Алматыдағы репрессиялық шараларының мәні қайта қорытылады. Осы науқандардың негізгі құрбандары болған «кулактар» деп аталғандардың шын мәнінде кімдер екені туралы қорытынды жасалады. Олардың тағдырын зерттеуге қатысты методологиялық ұстанымдар ұсынылады.
ҚҰЖАТТАР СӨЙЛЕГЕНДЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АСТЫҚ ДАЙЫНДАУ МЕН ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚҰРБАНДАРЫ
Жарияланған January 2022
117
26
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Nurman, S. 2022. ҚҰЖАТТАР СӨЙЛЕГЕНДЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АСТЫҚ ДАЙЫНДАУ МЕН ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚҰРБАНДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 71 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.05.