Аннотация
Мақалада ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар көлеміндегі Еуропа және ресейлік зерттеушілер шығармалары негізіндегі Қазақстанның шығыс өңірінде орта ғасырлар көлемінде салынған жоңғарлық діни сиыну орындары Абылайкит, Семипалат және Долон-Қарағайдың салыну тарихы және олардың атқарған қызметтері баяндалған. Бұл діни орындарының құрылыс ерекшеліктері, қирауларының себептеріне талдау берілген. Аталған құрылыс орындарының салынуы мен қызметтері негізіндегі сол мерзімдегі Қазақстанның Шығысы, Алтай аймағындағы орын алған қазақ-жоңғар және қазақ-орыс Ресей қатынас-тарының барысына сипаттама жасалған. Бұл діни ескерткіш орындарының Қазақстан тарихындағы алатын орнына баға берілген. Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы көрші мемлекеттермен дипломатиялық байланыстары және Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы өзара қарулы қақтығыстар, одан кейінгі Цинь империясының Қазақ хандығы жеріне басқыншылық әрекеті кезінде Абылай хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр және тағы басқа батырларының Отан қорғау шайқастарындағы ерліктері Ресей және Қазақстан мемлекеттік архивтеріндегі нақты деректері, Отандық және шетелдік ғылыми кітапханалардағы көне және қазіргі ғылыми әдебиеттер негізінде қарастырылып, жүйелі тұрғыда баяндал-ған. Ал, Абылайкиттегі сол мерзімдегі жартылай ғана қиратылған бөлмелердің бірінен ХҮІІІ ғасырдың басынан белгілі болып, қалдықтары одан ары көптеген жылдар сақталған монғол әрпімен жазылған діни кітаптар сиыну орындарының тарихи маңызын одан ары аша түседі.
Кілт сөздер: Абылайкит, Семипалат, Долон-Қарағай, Калбазин мұнарасы, Абылай тайша, Бояр Байков, қалмақ сиыну орындары, монғол жазбалары, Беска өзені, Усть-Каменогорск қамалы, Иоган Ебергард Фишер, П.С. Паллас, Академик Фальк, Н.Я. Бичурин