Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КЕРАМИКАЛЫҚ КЕШЕНДЕРІНІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ

Жарияланған January 2022

233

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақалада, ортағасырлық Оңтүстік-шығыс Қазақстан қалаларында қазба жұмыстары кезінде табылған қыш бұйымдарға сипаттама беріледі. Қазба кезінде табылған қыш бұйымдардың жасалу технологиясы мен сыртқы безендіруіне байланысты ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, қыш бұйымдардың пішімі, сыртқы безендірілуі, түсі т.б. сипаттамалар жасалынады. Қыш бұйымдарды жасаудың жапсырма әдісі мен ХІ-ХІІ ғасырларда шарықта жасалған жекелеген ыдыстарға сипаттама беріледі. Олардың ішінде асүйлік және шаруашылық мақсатта қолданылған ыдыстар бар. Мақалада, осы ыдыс түрлеріне тоқталып, олардың негізгі типологиясы жасалып, суреттері көрсетіледі. Ыдыстар жасалу технологиясының даму қарқыны сол кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі зор. Бұйымды дайындауда жергілікті жердің шикізаты пайдаланылды. Бұйым пішімделіп болған соң, күйдіру жұмыстарына дейін әсемдеу және өрнек салу жұмыстары жүргізілді. Ыдыстың сыртына түрлі өрнектер салу мен әсемдеудің бірнеше әдістері бар және ол сатылы түрде жүргізілді. Ортағасырлық қалаларда қыш бұйымдардың сыртын әсемдеу технологиясы өте жақсы дамығандығын табылған қыш бұйымдардан білуге болады. Аталған өңірдегі қыш бұйымдардың түрлеріне жеке тоқталып, сипаттама беріп, көршілес ортағасырлық қалалармен қандай байланысының бары анықталады.  

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Төлегенов, А. 2022. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КЕРАМИКАЛЫҚ КЕШЕНДЕРІНІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 71 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.17.