Қазақ халқында жылқы малы қадірлі болып саналған. Тіпті, жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер мен аңыз-әпсаналар, ертегілердің де қатары жетерлік. Соның ішінде, «Ат – адамның қанаты, ақыл – ойдың санаты», «Ат адасса жерін табар, ер адасса елін табар», «Ат ажары – жалында, Ер ажары – жанында» мақал-мәтелдері халық арасында кеңінен тараған. Ер қанаты болып саналатын жылқы малының қадірі мен қасиеті, пайдасы мен ауыз толтырып айтатын қызметі қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде ойып тұрып орын алады. Қазақтардың шаруашылық-тұрмыстық өмірінде жылқы үй жануарларының төрт түрі арасында ең басты орынға ие болған. Бұл таңқаларлық емес, өйткені жылқы көлік құралы ретінде де, қожайынына дос ретінде де, байлықтың көрсеткіші ретінде де, тамақ ретінде де, киім-кешек ретінде де пайдалы болды, тіпті сиқырлы емдік күшке ие болды. Сонау соқпағы көп заманда, ел басына күн туып жауға шабар тұста, халық ашаршылықтан азап шеккенде дәл осы жылқы малының сорпасы мен қазысы шипасы жоқ аурулардың алдын алып, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік болып, қазақ халқының жан құтқарушысына айналды. Сол себептен қазақ төрт түліктің ішінде жылқыға аса мән беріп, ерекше күтім жасап, қасиетті үй жануары ретінде бағалаған.
ҚАЗАҚ РӘСІМІНДЕГІ ЖЫЛҚЫҒА ҚАТЫСТЫ АДАМ ЕСІМДЕРІ: ҚАЗАҚ РӘСІМІНДЕГІ ЖЫЛҚЫҒА ҚАТЫСТЫ АДАМ ЕСІМДЕРІ
Жарияланған January 2022
318
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нугумарова, А. 2022. ҚАЗАҚ РӘСІМІНДЕГІ ЖЫЛҚЫҒА ҚАТЫСТЫ АДАМ ЕСІМДЕРІ: ҚАЗАҚ РӘСІМІНДЕГІ ЖЫЛҚЫҒА ҚАТЫСТЫ АДАМ ЕСІМДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 71 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.25.