Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҒАШ ӨНЕРІ

Жарияланған January 2022

166

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақтың дәстүрлі ағаш ою өнері халқымыздың заттық және рухани мәдениетінің негізгі элементтері қарастырылады. Зерттеуде ағаш бұйымдарының көнеден сақталған түп нұсқалары мен ағаш шеберлердің XVIII  және XX ғасыр басындағы қолөнер бұйымдары сараланады. Орта Азия халықтарының ағаш ұқсату, оймыштау өнеріне қатысты еңбектерге шолу жасалады. Соның ішінде М.С.Мұқановтың «Казахсая юрта», Х.Арғынбаевтың  көлемді зерттеу еңбегі «Қазақ халқының қолөнері», Ө.Жәнібековтың «Культура казахского ремесла», көп жылдар Қазақстанның Орталық мұражайында қызмет еткен этнограф, зерттеуші Н.А.  Оразбаеваның «Народное декоративно-прикладное искусство казахов», С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері» еңбегінде ағаш ұқсату технологиясы мен ою-өрнек түрлеріне кеңінен қарастырған, К.Ибраеваның «Казахский орнамент», Т.К.Басеновтың «Казахский народный орнамент» ою-өрнектің бес топқа бөлгені туралы қарастырған, Ұ.Қыдыралиннің «Маңғыстау қазақтарының дәстүрлі шаруашылығы» атты қомақты еңбегінде «Қолөнерге байланысты үй кәсіптері» бөлімінде ер және әйел адамдар қол өнері ғылыми тұрғыда сараланған, осы тақырып аясында авторлар ағаш шеберлердің әдіс-тәсілдерін қарастырған. Олардың шығармашылық мұралары - үй жиһаздары, ыдыс-аяқтар, арбалар, күймелер, ер-тұрмандар мен әдет-салтқа қатысты бұйымдар да көрініс тапқан. Осы жәдігерлер арнайы ізденіс пен ғылыми талдауға негіз болды. Маңызды зерттеу нысандарымен қатар ол бұйымдарда белгілі бір қалыпта сақталған ағаш оймыштаудың әдістері мен тәсілдері, шеберлердің құрал-саймандарын зерделеуден де туындап отыр.

Еңбекте ағаш оймыштау өнері тұтас, қазақтың дәстүрлі мәдениеті ауқымында, оның дамуының басты салалары шаруашылық-тұрмыстық және жерлеу ғұрпы тұрғысында қаралады.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Bekeshov, S. 2022. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҒАШ ӨНЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 68, 4 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.15.