Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БЕРЛИН-БАҒДАТ ТЕМІРЖОЛЫН САЛУ ЖОБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТҚА ЫҚПАЛЫ

Жарияланған April 2022

120

102

Al-Farabi Kazakh National University
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Осман империясы мен Кайзерлік Германия арасында саяси байланыстар жоғары деңгейге көтеріліп, ол уақыт өте жылдам қарқынмен дамыды. Империялар арасындағы саяси байланыстардың басты бағыттарының бірі – ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында салынып, «Ғасыр жобасы» аталған Берлин-Бағдат теміржолының салыну жобасы болды. Мақалада, Бағдат теміржолының салыну жобаларының Осман империясы мен Германия үшін саяси маңыздылықтары қарастырылады. Сонымен бірге, теміржолды салу жобасының халықаралық сипаты мен әсері көрсетіліп, бұл жобаға әлемдік империялардың араласу мәселелеріне тарихи талдау жасалады. Әлемдік империялар Англия мен Францияның Анадолы теміржолын Бағдатқа дейін ұзартудағы Германия мен Осман империясының саяси жобаларына қатысты саяси ұстанымдары мен осы жобаға байланысты туындаған халықаралық мәселелерді зерттеу мақаланың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abdukadyrov, N. і Акынова , А. 2022. БЕРЛИН-БАҒДАТ ТЕМІРЖОЛЫН САЛУ ЖОБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТҚА ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.07.