Мақалада мемлекет және қоғам қайраткері Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібековтың кеңестік негізде құрылған Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасының алғашқы жылдарындағы оның мемлекеттік шекараны қалыптастырудағы ерен еңбегі талданумен бірге, қайраткер тұлғаның егін шаруашылығы Халық комиссары болып істеген кезеңіндегі орталықтың қолшоқпары болған Голощекиндік озбыр билік жүйесінен Қазақ жерін қорғаудағы күресі кеңінен талданады.
Сонымен бірге, Ә.Әлібековтың егін шаруашылығы халық комиссары қызметіндегі Қазақ жерлерін пайдалану бойынша орталықтың Қазақстандағы барлық аудандарды жерге жаппай орналастыруды жүргізу жөніндегі қаулысына қарсы шығып, қаулының халқымыздың дәстүрлі мал шаруашылығына тигізер зиянына байланысты Қазақ жерінде ауқымды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудегі табанды ізденісті жұмыстары да қарастырылған.