Қазақ халқының тарихи жолында халық санының өзгеріске ұшырауы үлкен бір тарихта орын алатын оқиға. Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері Ресейдегі 1861 жылғы реформа бойынша алғаш қоныстана бастады. Сол тұста патша үкіметі алып империядағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және отарлау саясатын белсенді жүргізу үшін орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартты.XIX ғасырда қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшіп келуі де тарихи оқиғаға баланды. Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісу өңіріне 45 мың ұйғыр мен 5 мың дүнген қоныстанды.Сондай-ақ украин, беларусь, поляк, болгар шаруалары қазақ даласына Столыпин реформасы тұсында да көп көшіп келді. І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық этнос өкілдері өмір сүрді.Қазақ жеріне келген көптеген ұлттардың белгілі бір саясат арқылы жер аударылып келгені, демографиялық өзгерістерге алып келді. Индустрияландыру кезінде Қазақстанға келуші халықтың ағымы артты,ұлт өкілдерінің басым бөлігі орыс халқы болды. Хронологиялық тізбек бойынша қазақ халқының саны азайып,орыс халқының санының көбейгенін көрсетеді.Әлеуметтік сауалнама арқылы азшылыққа айналған халықтың келер күндегі жағдайы тілдік мәселе бойынша баяндалды.
TRANSFORMATION OF KAZAKHS INTO DEMOGRAPHIC MINORITY UNDER SOVIET NATIONAL POLICY
Жарияланған January 2022
96
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Маулен, А. 2022. TRANSFORMATION OF KAZAKHS INTO DEMOGRAPHIC MINORITY UNDER SOVIET NATIONAL POLICY. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 71 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.12.