Мақала белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Мыңбаевтың өмірі мен қызметіне арналған. Автор Ж.Мыңбаевтың тұлға ретінде қалыптасуына өскен ортасы мен отбасының ықпалын анықтай отырып, еңбекке ерте араласуына отбасылық жағдайының себеп болғанын көрсетеді. Ол белсенді қызметке араласуын уездік деңгейде бастап, губерниялық, республикалық деңгейге дейін көтеріледі.
Ж.Мыңбаев үлкен істер бастамашысы болып, бүгінгі жас ұрпаққа өнеге боларлықтай ғұмыр кешті. Автор Ж.Мыңбаевтың билікке қазақ кадрларын көптеп тарту, қазақ тілінің жанашыры, қазақ баспасөзінің қамқоршысы ретінде көрсеткен табандылығы мен іскерлігін нақты деректерге сүйене отырып, жан-жақты талдаған. Сондай-ақ, оның сөйлеген сөздері мен бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көрген мақалалары ой елегінен өткізілген. Оның өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі, достыққа беріктігі, кез келген мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан шешуі де жастар үшін үлкен тағылым.