Мақалада VІ-VІІІ ғасырларда Алтайдың солтүстігіндегі Со аймағын қоныстанған қоман-қыпшақ-тарының этникалық қалыптасу тарихы зерттеледі. Мәселені зерттеу пәнаралық тұрғыда, әр түрлі дең-гейдегі деректерді салыстыра талдау негізінде жүзеге асырылды. Қоман-қыпшақтардың ата-бабала-рының Солтүстік Алтайдан тарайтындығын деректермен қатар, ауыз әдебиеті үлгілері, генетик ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі, археологтялық және этнографиялық материалдар негізінде расталып отыр.
Қоман-қыпшақтардың шығу тегінің Солтүстік Алтаймен байланыстылығын халықтың жадында жазулы хаттай сақталып келген аңыздарданда көру болады. Онда халықтың қалыптасу кезеңі, тарихы мен мәдениетінің даму кезеңдерінен ақпараттар сақталған. Осындай деректер мен зерттеулер негізін-де мақалада қомандардың қыпшақ тайпалық бірлестігіне кіргенге дейін, VІ-VІІІ ғасыр аралығында Алтайдың солтүстігіндегі Со аймағын қоныстанғаны зерттелді. Сондай-ақ, мақалада қоман-қыпшақ-тарының этникалық тарихындағы динлин, теле тайпаларының алатын орыны да қарастырылды.
СОЛТҮСТІК АЛТАЙДАҒЫ ҚОМАН-ҚЫПШАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАРЫ
Жарияланған June 2021
121
58
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Хабижанова, Г. , Байгараев, Н. і Сагинаева, А. 2021. СОЛТҮСТІК АЛТАЙДАҒЫ ҚОМАН-ҚЫПШАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).