Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Киелі орындардың тарихи зердедегі діни-эвристикалық маңызы: «Арасан-Қорасан»

Жарияланған September 2021

431

200

Abai KazNPU
Аңдатпа

Жалпы ғылымда «киелі», «қасиетті» ұғымдары туралы дін феноменологиясы жан-жақты қарастырады. Дін феноменологиясы бұл ұғымдарды талдай келе, келесідей анықтамаларды береді. Киелі деп – Жаратушы тарапынан берілген немесе жасалған құндылық, яки іс-әрекет. Яғни, «киелі» – Құдайылық, құдыреттілік деген мағынаны береді. Ал «қасиетт»і ұғымын, осы Құдайылық құндылықтарды, яки іс-әрекеттерді жүзеге асыруда пайдаланады. Әдетте бұл ұғымды діни салт-жоралғыларда, әдет-ғұрыптарда қолданады. Қасиеттілік көбінесе тазару, аластату рәсімі жасалынып жатқан кезде сипат алады, мысалы, дем салу, адраспанмен емдік өсімдігімен аластату секілді, т.с.с.

Мақалада «киелі», «қасиетті» ұғымдарының қазақ халқы үшін кең мағынаға ие екендігі туралы анықтама беріледі. Осының негізінде зерттеу жұмысы, Жетісу өлкесінің ерекше киелі жерлерінің бірі Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақ ауылындағы  «Киелі Арасан – Қорасан» мекенінің тарихын, зияратшылардың діни ғұрыптық зиярат ету жолдарын, ол жердегі бұлақ көздерінің сакралдылығын және емдік-сауықтырудағы маңыздылығын, туризмді дамытудағы алатын орнын, жалпы киелі мекен атауының зерттеу нәтижелерін ұсынады. Ғылыми әдебиеттерде Киелі Арасан мекені туралы, ондағы жер асты бұлақ көздерінің қасиеттері туралы деректердің жарыққа шығуы, осы мекеннің Қазақстанның өңіраралық, оның ішінде Жетісудың қасиетті нысандар тізіміне еніп, мемлекет тарапынан қорғауға алынуына зор ықпалын тигізді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Nurgaliyev, A. 2021. Киелі орындардың тарихи зердедегі діни-эвристикалық маңызы: «Арасан-Қорасан». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 69, 1 (Вер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5461.13.