Басылымның екінші бөлімінде автор Торғай ойпаты территориясындағы голоценнің бірінші жартысындағы палеоклиматтық жағдайды қалпына келтіру туралы талқылауды жалғастырады. Мақаланың бірінші бөлімінде осы аймақтағы палеоклиматтық жағдайлардың нәтижелері, Қостанай облысындағы шымтезекті жерлерді спора-тозаңдық талдау нәтижелері және көршілес аймақтардағы голоцен дәуірінің климаты мен табиғи ортасын жақында қайта құру нәтижелері жайлы айтылған болатын. Басылымның екінші бөлімінде Торғай ойпатындағы голоценнің бірінші жартысындағы палеоклиматтық жағдайлар Арал теңізі деңгейінің ауытқуы мен Орта Азия шөлдеріндегі климаттық жағдайлар туралы деректерді қолдана отырып қалпына келтірілген. Мақалада аралдық ормандардың пайда болуы мен жасына қатысты мәселелерді ескере отырып, голоценнің бірінші жартысындағы Торғай ойпаты аумағындағы ландшафт туралы түсінік қалыптасады.
ТОРҒАЙ ИІНІ АУМАҒЫНДАҒЫ ГОЛОЦЕННІҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ПАЛЕОКЛИМАТТЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған June 2021
113
55
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Подзюбан, Е. 2021. ТОРҒАЙ ИІНІ АУМАҒЫНДАҒЫ ГОЛОЦЕННІҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ПАЛЕОКЛИМАТТЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).