ҰЛЫ АНА САБА СИМВОЛИЗМІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ ҒҰРЫПТАР
Зерттеу мақсаты–қазақтың және бауырлас халықтардың дәстүрлі мәдениетінде әспеттелетін сабаның мифологиялық символизмін ашу.
Қымыз ашытуға және сары май айыруға қолданылатын саба жайында қазақ фольклор, тіл, этнография мәліметтерін талдау үшін құрылым-семантикалық және салыстырмалы анализ, К.Г.Юнгтің аналитика ілімінің, С.Қондыбайдың мифолингвистика мектебінің әдістемесі, сондай-ақ П. Бурдьенің символдык капитал жайында концепциясы қолданды.
Зерттеудің құндылығы: қазақ этнография, фольклор, тілдегі сабаға қатысты мәліметтер С.Қондыбайдың айтып кеткен идея тұрғысынан жаңаша пайымдалады және қорытындалады.С.Кондыбайдың болжамы бойынша «Қобыланды» батырлық жырдың бір нұсқасындағы Сауап хан бейнесі о баста Саба апа атты әйел кейіпкер болған, және аталмыш кейіпкер Ұлы ана мифтік арғыбейнеге кейіптенуі.
Зерттеу нәтіжелері: сабаның Ұлы ана арғыбейне ретінде символизмі ашылады, бұл символизмнің мифологиядағы әйел және биенің бейнелерімен байланысы негізделеді, қымызға қатысты қазақы ғұрыптардағы әйелдің ерекше орны түсіндіріледі. Сабада сары май айыру Ұлы ана толғатып, ғаламды туатын космогониялық оқиға ретінде қарастырылады.