Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БОТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МӘНІ (АШЫЛУЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ)

Жарияланған June 2021

640

179

Аңдатпа

Гуманитарлық, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдардың дамуы тарих ғылымының деректанулық қорын және ақпараттылығын мейлінше кеңейтті. Әсіресе соңғы жылдары отандық археология қарқынды даму үстінде. Бұл жерде үлгі ретінде әлемдік археологияда кеңінен танымалдылыққа ие болған Ботай қонысындағы кешенді зерттеулерді айтса болады. Осы аталған кешенде археологиялық, палеозоологиялық және палеогеографиялық деректерге дәстүрлі және инновациялық әдістерді пайдаланған мамандар Қазақстан алғаш рет жылқыны қолға үйреткен аймақ екендігі жайлы ақпараттар алды. Ботай қонысында жүргізілген 40-жылдық зерттеулер ғылым үшін бірегей материалдар берді, олар атқа міну мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы,
далалық өркениеттің қайнар-бастауларының куәсі іспеттес. Осы аралықта ботай мәдениетінің негізін көрсететін мәдени тиесілік, ескерткіштердің абсолюттік және салыстырмалы хронологиясы, оның экономикалық, әлеуметтік-этникалық, рухани құрамы, дамуының формасы мен бағыттары, мәдениетте орын алған дағдарыс себептері мен оның трансформациясындағы векторлар анықталды; шетелдік зертханаларда қымызды ботайлықтардың пайдаланғандығы дәлелденді; археологиялық ботай мәдениетінің ішкі тарихи, этнографиялық, идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік контекстері бар екендігі туралы теория жасалды. Авторлар тарапынан зерттеу міндеті ретінде ботай мәдениетінің проблемаларына қатысты көп жылдарға созылған жұмыстарды қорытындылап кету қойылды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Зайберт, В., Байгунаков, Д. і Сабденова, Г. 2021. БОТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МӘНІ (АШЫЛУЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).