Өткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстан тарихында бір орталықтан басқарудың эмиссарлар институтының қалыптасуымен сипатталады. Елді басқарудың бұл түрлі советтік кезеңнің соңына дейін өзгеріссіз қалып келді. Дегенмен, соңғы жылдарға дейін бұл тақырып арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Автор мақаласында отандық тарихнамада алғаш рет аталған институттың қалыптасуының кезеңдеріне тоқталады.
Сонымен совет үкіметі билікке келген күнінен бастап ең соңғы күніне дейін республиканы өзі белгілеген эмиссарлар институты арқылы басқару жолында тұрды. Бұл эмиссарлық билік тұсында әкімшілік басқару жүйесі жаңа сипатқа ие болды. Сол арқылы бұрынғы империялық функциясын күшейте түсті. Әрине, бұл жерде ең алдымен империяның көздегені қазақ жерінің табиғи ресурстарын басым түрде өз елінің мүддесіне емес, метрополия мүддесіне қарай пайдалану болғаны белгілі. Сонымен қатар қазақ халқы сандық және сапалық тұрғыдан өзінің үдемелі өсу арнасынан жаңылды.
Соған сәйкес автор аталған мақалада қазақ тарихында жаңа кезеңнің басталғанын жария еткен бұл шешіммен ере келген билік жүйесінің қызметі мен оның сипатын бүгінгі қөзқарас тұрғысынан қорытуды көздейді.