Мақала Шу өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық ескерткіштердің зерттелу тарихы мен 2018-2019 жылдары Жазық төрткүліне (Х–ХІІ ғ.ғ.) жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне арналады. 2018 жылы Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Шу археологиялық отряды (жетекшісі: Е. Ақымбек) ашқан Жазық төрткүлінің (көлемі: 75×75 м) үстінен жинап алынған материалдарына қысқаша шолу жасалынады. 2019 жылы төрткүлдің оңтүстік қабырғасы ортасындағы сай болып жатқан жерге жүргізілген қазба жұмыстары барысында ашылған қақпа орны туралы мәліметтері айтылады. Ашылған қақпа орнының ені 4,8 м, екі жағындағы пақсадан тұрғызылған қабырғаларының қалыңдығы 4,8; 5,3 м. Сонымен қатар, төрткүлдің солтүстік-батыс бұрышына таман жүргізілген шурф (1×1 м) жұмыстарының нәтижелері сипатталады. Табылған археологиялық заттарға сипаттама беріліп, қож темір мен темір жебе ұшына жүргізілген жартылай сандық спектрлік талдаудың нәтижелері бойынша химиялық құрамы және қыш ыдыс сынықтарына жүргізілген жартылай сандық ренгенофазалық талдаудың нәтижелері бойынша құрамындағы минералдары беріледі.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ақымбек, Е. і Шагирбаев, М. 2021. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗЫҚ ТӨРТКҮЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).