Еліміздің рухани жаңғыруы дәуіріндегі экономикалық жағдайды жандандыру мақсаттары қазіргі уақыттың өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Бұл мәселенің негізі жаһандану үдерісіне Ұлы Жібек жолының тарихи мәнінің әсері зор. Оған дәлел, 1998 жылғы «Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды қайта өркендету, түркітілді мемлекеттердің мәдени дамуының сабақтастығын сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» бағдарламасының бекітілуі және 2008 жылы Женевада 19 елдің, оның ішінде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия мен Иранның министрлері Жібек жолының бір бөлігін қалпына келтіру бойынша көлемді жобаның қабылдануы. Мақалада Ұлы Жібек жолының қазақстан территориясынан өту тарихы, оның еліміздің экономикасына, ата-бабамыздың халықаралық қатынасқа түсуіне, сауда-саттықтың дамуына тигізген ықпалы қамтылған. Сонымен қатар, Жібек жолы өткен Қазақстандағы ежелгі қалалардың экономикалық дамуы туралы мәліметтер берілген.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Ұлы Жібек жолы, экономика, сауда, ақша, территория
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ыбышова, С. і Жарықбаева, Д. 2020. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2020).