Мақалада Тәжікстан мен Қырғызстан республикаларының шекаралас облыстарындағы қақтығысты жағдайларға талдау мен шолу жасалынған. Шекаралық дау-дамайлар XX ғасырдың 90 жылдарының басында КСРО ыдырауы және тәуелсіз жаңа мемлекеттердің пайда болуымен ушыққандығы көрсетілген. Шекараның кейбір жер телімдері әлі күнге дейін анықталынбаған. Таласты жер телімдеріндегі шаруашылық және әкімшілік жұмыстар қақтығысқа әкеледі. Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасқа тікелей әсер ететін Баткен және Согды облыстары маңайындағы қақтығыстардың шығу себептері мен жүру барысына талдау жасалынады. Мақалада 2013-2015 жылдар аралығында орын алған қақтығысты жағдайлар қарастырылған.
Авторлар шекаралық дау-дамайлар және олардан туындайтын қақтығыстар екі жақтың тең дәрежеде күш салуымен шешілетіндігін мәлімдейді. Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның демаркациялануы мен делимитациялануы Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторлар болып табылады.
ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ БАТКЕН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ СОГДЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Жарияланған June 2020
285
35
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шукыжанова , А. і Калиева , А. 2020. ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ БАТКЕН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ СОГДЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2020).