Бүгінгі таңда жария дипломатия бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ мәдениет, білім, ғылым және т.б. сияқты түрлі қызмет салаларын пайдалана отырып, қоғаммен диалогты қалыптастырудың заманауи құралы. Жария дипломатияның маңыздылығы қоғамдық пікірді қалыптастыратын азаматтық қоғаммен белсенді өзара іс-қимылды жолға қою арқылы шетелде ұлттық мүдделерді ілгерілету болып табылады. Жария дипломатия сыртқы саясаттағы маңызды бағыт болып табылады.
Мақалада жария дипломатия ұғымы, оның компоненттері, сондай-ақ осы қызмет бағытының мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік беретін шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Жария дипломатияны зерделеу жұртшылықпен байланыс құрудың маңыздылығын арттыру тұрғысынан өзекті болып табылатынын атап өткен жөн.
Мақалада мақсатты аудиториямен тиімді өзара іс-қимыл жасау арқылы елдің сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін жария дипломатия құралдарын іске асыруға баса назар аударылады.
ЖАРИЯ ДИПЛОМАТИЯ – ҚОҒАММЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛІ
Жарияланған June 2020
60
83
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оразаева, Ә. 2020. ЖАРИЯ ДИПЛОМАТИЯ – ҚОҒАММЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2020).