Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЕЛДЕРІНІҢ ИМИДЖДІК САЯСАТЫ

Жарияланған June 2021

272

54

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық саяси имиджінің қалыптасуының сыртқы факторлары қарастырылған. Қазақстан мен ҚХР серіктестігіне жаңа бір қырынан қарауға тырыстық. Екі елдің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін де байқаймыз. Алайда осы уақытқа дейінгі тәжірибеміз, жеткен нәтижелеріміздің қорытындысы бойынша негізгі мәселелерді шеше алдық па? Осы сияқты түрлі сұрақтарға жауап іздей отырып қазіргі жаһандану заманында түрлі қауіп-қатердің алдын алып, дұрыс қадам жасауға жол береді. Осылайша ортақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде, біз екі ел бейбітшілікпен, тұрақтылықпен алға қойылған мақсаттарымызға сенімді жете аламыз. Мақалада Қазақстан мен Қытайдың мәдени қарым-қатынасында екі ел арасында жиырма жеті жыл көлемінде қол жеткізген ынтымақтастықтары мен сол ынтымақтастық шеңберінде атқарған нақты шаралары жайында қысқаша баяндалған.

pdf