Заманауи Қазақстандағы азаматтық қоғамның өзіндік ұзын сонар тарихы бар. Ежелгі замандарда-ақ азаматтық қоғам құру идеясы дәстүрлі қазақ қоғамындығы басым бағыттардың бірі болған еді. Кез келген мемлекеттік саясат билер соты, ақын-жыраулар мен сал-серілер шығармашылығы, батырлар, ақсақалдар рөлі, т.б. сынды азаматтық қоғамның институттарын айналып өте алмады. Аталған барлық институттар қоғамның тұтастануын қамтамасыз етіп келді. Кейіннен қазақ жерлерін патшалық Ресей тұсында отарлау, сонымен қатар біртұтас Кеңес мемлекетін құру тарихи мирасқорлықты, жеке меншіктің көп түрлілігін және дәстүрлі құндылықтарды тоқтатып тастады. Алайда қоғамда кейбір институттарға, әсіресе алдыңғы ұрпаққа, ақсақалдарға деген құрмет әлі күнге дейін сақталып келді. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамда азаматтық сананың өсуі байқалады. Көптеген қоғамдық-мемлекеттік институттар өздерінің рөлін жоғалтқанымен, Қазақстандағы идеологиялық және саяси көптүрлілік қоғамдағы негізгі принциптерге айнала бастады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қазақстан, билер соты, далалық демократия, ақсақал, қоғамдық ұйым, азаматтық бірлестік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сабденова , Г. 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).