Мақалада философияда құндылық ұғымына байланысты қалыптасқан ойтолғаулар жан-жақты қарастырылады. Автор құндылық категориясына қатысты көзқарастардың генезисі мен эволюциясын талдайды және өз зерттеуін антика дәуірінен, ең алдымен, «игілік», «сұлулық», «ізгілік» ұғымдарымен тығыз байланысты сократтық, платондық және аристотельдік құндылықты түсіндіру тәсілдемелерінен бастайды. Бұл дәстүр эллинизм өкілдерінің көзқарастарында жалғасын табады. Құндылықтардың мәні мен мазмұны, адам өміріндегі рөлі туралы пайымдаулар ортағасырлық, қайта өрлеу, жаңа заман және ағартушылық дәуірлері ойшылдарының ілімдерінде жалғасады. Мақалада осы ілімдерде құндылық ұғымы әртүрлі қырларынан қарастырылатыны атап өтіледі. Егер ортағасырлық философияда теологиялық аксиология негізделініп, дамыса, жаңа заман және ағартушылық дәуірі жаңа құндылықтарды алға тартады. Осылай көптеген ғасырлар бойы құндылықтардың жаңа мағыналық концептері қалыптасады. Осы концептерді талдау құндылықтардың мәні мен мазмұнын барынша терең қарастыруға мүмкіндік береді.
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Жарияланған June 2021
135
61
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мадалиева , Ж. 2021. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).