Қазақта жақын туыстар деп жеті атаға дейінгілер есептеліп, олар өзара қыз алыспаған. Жеті ата - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ер адамның ата жағынан тегінің таралуының нақтылы жүйесі.
Қазақ қоғамында жеті атаға дейін өз ата-бабасын білу әрбір азамат үшін міндетті саналған. Жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алысуға тыйым салу, тұқымның бұзылуынан, тектілік-генетикалық қасиет-тердің жойылуынан, ұрпақтың азғындануынан сақтаған.
Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді, жүз руға бөлінеді, ал әр руды ер адамнан тарайтын әулет (ұрпақ) жалғастырады. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады және олар бір-бірінен қыз алыспайды.
Сегізінші атадан бастап жаңа ру атын белгілеген. Бұл үшін сол атаның ақсақалдары мен билері, ел ағалары ру мүшелерін шақырып, боз бие сойып баталасып, жеті атаға толып, бұдан былай қыз алысып, қыз берісіп құдалыққа рұқсат берілген. Жеті атаға дейінгі туыстық қалыпты бұзбай сақтау күні бүгінге дейін дәріптеліп, сақталған.
Жеті атадан аспай қыз алу «қан араластырушылық» деп танылып, оларды өлім жазасына кесу, тас ату, теріс бата беру, елден аластау, асаудың құйрығына тағу сияқты жаза түрлері қолданылды.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫНДАҒЫ «ЖЕТІ АТА» ДӘСТҮРІ
Жарияланған May 2021
183
273
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қозғамбаева, Г. 2021. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫНДАҒЫ «ЖЕТІ АТА» ДӘСТҮРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).