2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті жанындағы "Геоархеология" халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының археологиялық экспедициясы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Кеңсай археологиялық кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция аясында
археологияның әр түрлі және түрлі кезеңдегі ескерткіштері – қола дәуірінің тас жәшіктері, үйсін-түркі кезеңінің қорғандары және кейінгі орта ғасырдың жерленген орындары зерттеліп, қазылды. Бұл мақалада авторлар түркі дәуіріне қатысты зерттеулердің нәтижелерін береді. Осы нысанды талдай келе, табылған ілеспе қабір ішілік-заттарға қарағанда, зерттелген қорған түркі кезеңіне жатады және жауынгердің? жылқымен жерленген жері болып табылады (жерлеу орны тоналған болып шықты, марқұмның сүйектері мүлдем кездеспейді деуге болады). Жетісу аумағының осы әскери-ғұрыптық жерлеу нысандарын алдын - ала талдау нәтижелері б.з. X-XI ғғ. дамыған түркі мәдениетінің заттық кешенін айқын көрсетеді. Алынған нәтиже Жетісу өңірін кешенді археологиялық зерттеуді жалғастырудың қосымша дәлелі болып табылады.
ТҮРКІ ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН КЕҢСАЙ ІІ ЖЕРЛЕУ ҚОРЫМЫ
Жарияланған June 2021
542
162
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бексеитов , Г., Тулегенов , Т., Шәріпов , Р. і Сатаева , Б. 2021. ТҮРКІ ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН КЕҢСАЙ ІІ ЖЕРЛЕУ ҚОРЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.36.