Мақалада ортағасырлық Қышқала қалашығында осы күнге дейін жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, тарихи құндылықтарымыздың арасындағы алар орны қарастырылады. Сондай-ақ қаланың тарихи топаграфиялық құрлымы сипатталып, орталық бөлігі мен шаруашылық аймақтары жайында мағлұматтар берілді.
Ортағасырлық Қышқала қалашығының шаруашылық аймағы, соның ішінде қыш күйдіруге арналған пеш орнының аз зерттелуіне байланысты, аталмыш тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған пештің өзіндік ерекшелігін анықтап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Мақалада Қышқала қалашығында 2019 жылы жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, ескерткіштің шаруашылық аймағынан анықталған пештің архитектуралық ерекшелігіне, жасалу технологиясы мен құрлыс материалдарына талдау жасалынды. Сонымен қатар, ортағасырлық қалалардан анықталған қыш күйдіруге арналған пештермен салыстырмалы талдау жасалынып, қосымша ғылыми тұжырымдар айтылды. Қазба жұмысы барысында алынған заттай деректер негізінде Қышқала қалашығынан анықталған пештің мерзімі анықталды.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚЫШҚАЛА ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ ҚЫШ КҮЙДІРЕТІН ПЕШ ОРНЫ
Жарияланған June 2021
492
152
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Ортағасырлық Қышқала, пеш, археология, мәдени қабат, кесінді, керамика, аркалы қабырға, оттық камерасы, күйдірілген қыш.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
АРЫНОВ, Қ., ЕЛЕУОВ M. і СИЗДИКОВ, Б. 2021. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚЫШҚАЛА ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ ҚЫШ КҮЙДІРЕТІН ПЕШ ОРНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.33.