Мақалада автор бүкіл дүниежүзілік проблемалардың біріне айналған COVID-19 пандемиясының елімізге тигізген кері тұстары мен мемлекет басшыларының осы қиын жағдайдан шығуда қандай шаралар ұйымдастырғаны жайлы қысқаша тоқталып өтеді. Халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына кері әсерін айта келе, қаншама адамның жұмыссыз қалғанын атап өтеді. Автор ұсынып отырған бизнес-жоба жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешпесе де біршама тиімді тұстары бар екенін көрсетеді. Осы орайда «Қолөнер бұйымдарын өндіру» бизнес-жобасын іске асыруды ұсынады. Мақалада бизнес-жобаның мақсаты мен міндеттері және концепциясы айқындалған. Өндіретін өнімдерге сипаттама берілген. Маркетингтік жоспар мен өнім нарығының сипаттамасы көрсетілген. Маркетинг стратегиясына аса назар аударылған. Жобаны жүзеге асыру жолдары пунктер бойынша көрсетілген. Әр пункт бойынша талдаулар жасалған. Бизнес-жобаның негізгі мақсатын пайдаға асыра отырып, нарықтық-әлеуметтік қолданысқа қажетті, шығыны аз, пайдасы мол, экологиялық зиянды әсері жоқ, таза табыс көзіне тікелей әсері бар жобаларды дайындау мақсатында жоспарланып отыр. Жоба негізінде өндірілетін қолөнер бұйымдарына сипаттама жасалып, оның қажеттілігі айқындалады. Техникалық жабдықтау шаралары да толық қамтылған. Мақалада бизнес-жобаны жүзеге асыру пандемия кезінде қаншалықты тиімді екені анықталған. Жоба тиімділігі, әлеуметтік-экономикалқы ахуалы қарастырылған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ибрагимова , М., Тойшыбекова , Ж. і Арепова, .А. 2021. ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ АТҚАРУҒА БОЛАТЫН ТИІМДІ ЖОБА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).