Сенім - өзін-өзі танудың және адамның қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесінде өзін жүзеге асыруының негізі болып табылады. Сондықтан да адамдар бұл феноменнің мәнін дәл, нақты түсіне білулері керек. Зерттеудің мақсаты әлеуметтік құбылыс ретіндегі сенімнің потенциалын, Қазақстан қоғамында әлеуметтік қатынастардың сапасын жетілдірудегі оның рөлін негіздеп көрсету болып табылады. Негізгі мәселе адамдар арасындағы қарым-қатынастың тұлға аралық және институционалдық аспектісінде сенімнің жоғары дәрежеде болмауынан туындайды. Сонымен бірге азаматтық құндылықтардың дамуындағы мәселелер, азаматтық қоғамның әлеуметтік нормаларына сай келмейтін мінез-құлық үлгілерінің қалыптасуына байланысты қиыншылықтар туындауда. Әлеуметтік субъектілер арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынастар бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде, тиімді тұрғыдан әлеуметтенудің білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты аспектілерін дамытумен байланысты. Зерттелетін негізгі мәселелер әлеуметтік сенімнің тікелей мәнін ашып көрсетумен, қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды дамытудағы оның ролін түсінумен, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік капиталын жетілдірумен байланысты. Шет елдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін қарастыру арқылы сенімнің концептуалдық аспектілерін түсінуге, әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің стратегияларын, азаматтық қоғамның даму перспективаларын, сонымен қатар қазіргі қоғамдардың әлеуметтік капиталының ерекшелігін, халықтың азаматтық мінез-құлқының модельдерін білуге толық мүмкіндік болады. Сенім азаматтық қоғамды құруда үлкен рольге ие, ол азаматтық қоғамның негізгі институты және әлеуметтік капиталдың және тиімді әлеуметтік қатынастардың компоненті.
Қазіргі уақытта сапалы ақпарат адамның санасына әсер етіп оның әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастырады. Сондықтан берілетін ақпараттардың сапасына, олардың пайдалылық жағына ерекше мән берген жөн.
Сенімнің типтері әлеуметтік қатынастардың сапасымен де айқындалады. Қазіргі қоғамда сенімді зерттеу, бірінші кезекте, оның потенциалдық ресурстарын ашып көрсетумен; екіншіден, нақты қоғамдағы тұлға аралық және институционалдық әлеуметтік қатынастардың құрылымдық элементі ретінде оның маңызын түсінумен байланысты. Қоғамдағы кедейліктің өсуін, сенімсіздік пен әлеуметтік қатерлерді азайту – бұл, қазіргі қоғамдардың алдында тұрған маңызды міндеттер болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ СЕНІМНІҢ РӨЛІ
Жарияланған May 2021
305
115
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
әлеуметтік сенім, азаматтық қоғам, сенімділік, үміт, әлеуметтік қатынастар, сенім құндылығы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Атабаева, Г.К. і Абдикерова, Г. 2021. ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ СЕНІМНІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.23.