ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік империализмнің шарықтау шегіне жетуі оның көп ұзамай дағдарысқа ұрынатынын анық көрсетті. Бұған сол уақытта әлем елдерінде орын алған мәдени, әлеуметтік процестердің даму жолы дәлел бола алады. Адам мен қоғам санасының өсуі, гуманистік ой-пікірлер мен мәдениеттің және осыған негізделген идеялардың пайда болуы мен дамуы көптеген халықтар мен ұлттардың саяси тағдырына ықпал етті. Мәдениеті мен діні, тілі мен ділі, руханияты мен болмысы ұқсас болған халықтардың көзқарасы мен идеяларының бір арнаға үндесуі олардың арасындағы саяси және әлеуметтік интеграция мен өзара бірліктің дамуының басты кепіліне айналды. Солардың бірі – руханияты мен мәдениеті бір саналған түркі халықтарының бірлігі идеясы болды. Мақалада, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында түркі халықтарының әлеуметтік-мәдени бірлігі мен соның негізінде пайда болған түркілік идеясының қалыптасу тарихы зерттеледі. Мақалада, дүниежүзілік тарихнамада «Пантүркизм», деген атқа ие болған идеологиялық ағымның бастамасы болып табылатын мәдени және әлеуметтік процестердің тарихы қарастырылады.
ХІХ-ХХ ғғ. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК ИДЕОЛОГИЯ
Жарияланған May 2021
113
121
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Смагулова , Б. 2021. ХІХ-ХХ ғғ. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК ИДЕОЛОГИЯ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).