ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында Қазақ хандығының толық саяси билігінен айрылуымен Ресей патшалығы Қазақстанда қоныстандыру саясатының іс-шараларын жүзеге асыра бастайды. Патша үкіметінің бекіністері ретінде Қазақстанда пайда болған алғашқы қалашықтарда Орал мен Сібір казак-орыстарының әскері тұрақтанды. Бұл әскер империяның шекаралық аймағын қорғайтын пункттер ретінде және Орта Азия мен Сібірге Ресейдің ықпалын орнықтыратын бірден-бір тірек қызметтерін қоса атқарды.
Ресейдің ішкі аудандарында аграрлық мәселенің шиеленісуіне байланысты және қуаңшылық пен ашаршылық, шаруалардың өлкеге қоныс аудару екпінін күшейтті.
Қазақстан территориясындағы «артық» жерлерді анықтау үшін «Қоныстандыру басқармалары» мен арнайы статистік партиялары (бөлімдері) құрылып, «Азиялық Ресейдің» көшпелі халқының жерді пайдалануы мен шаруашылығын зерттеу Бағдарламасы құрастырылады. Зерттеу карточкаларына жергілікті халықтың саны, жасы мен жынысы және айрықша белгімен орыс тілін білуі сияқты мәліметтер жиналды.
Қоныстандыру саясатының нәтижесінде қазақ жерлеріне орыс шаруаларын қоныстандырумен қатар, мемлекеттік қазына қарауына тиесілі орман саяжайлары мен хуторларды және т.б. мемлекеттік нысандарды салуға алынды. Бұл іс-шаралар қазақтарды шөл және шөлейт жерлерге көшірумен және дәстүрлі мал шаруашылығы жүйесін жүргізуге нұқсан келтіруіне әкелді.
ХІХ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ОРЫС ШАРУАЛАРЫН ҚОНЫСТАНДЫРУЫ
Жарияланған June 2021
324
169
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
қоныстандыру, отарлық саясат, артық жер, Қоныстандыру басқармасы, статистік партиялар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Калдыбаева , С. 2021. ХІХ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ОРЫС ШАРУАЛАРЫН ҚОНЫСТАНДЫРУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.07.