Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР ТАҒДЫРЫ (1930-1932 ЖЖ.)

Жарияланған June 2021

259

278

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда жүргізілген 1930-1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру науқанының салдары мен қасіреті мұрағат құжаттарының негізінде жан-жақты талданады. Адамзат тарихындағы 1930-1933 жылдардағы ашаршылық зардаптары, халқымыздың басынан өткен қиын тағдыры мен қасіретті болған «ұлы жұт», нәубет жылдары болып саналады. Сонымен қатар, 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтың ауыр қасіретін – жалпы одақтық басқа республикаларда орын алаған жағдайлармен салыстыруға болмайтыны да анық еді. Елімізде орын алаған нәубет жылдарының басты себептерінің бірі: кулактықты тап ретінде қарау, асығыс және асыра сілтеулердің салдарлары, ірі және орта шаруашылықтардағы малдарды тәркілеуден туындаған бөлігі ретінде қарастырлады. Аталған мақалада Шығыс Қазақстан өңірінің барлық аудандарында, соның ішінде қазақ ауылдарындағы ашаршылықтың зардаптарынан кейін орын алаған панасыз жетім қалған балалардың ауыр жағдайы және қиын тағдыры нақты мысалдармен жан-жақты баяндалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байсарина K. 2021. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР ТАҒДЫРЫ (1930-1932 ЖЖ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.01.