Мақалада алыс және жақын шетелде яғни саяси – экономикалық құрлымы әртүрлі елдерде өмір сүретін қазақ диаспорасының тұрмыс тіршілігі және мәдениеті қамтылған.Ақ және қызыл империя тұсындажүргізілген әртүрлі саясаттың салдарынан атамекеннен ажырап қалған қандастарымыз, бүгінде әлемнің әр түпкірінде өмір сүруде.Олардың ішінде әлеуметтік қыспақтарға ұшырап, тағдыр тәлкегімен барып қоныстанған қандастарымызбен қатар саналы түрде оқу, жұмыс т.б. мәселелер бойынша таңдау жасап, көшіп барған отандастарымыз да баршылық.Қазақ диаспорасы өкілдерінің атамекенге көшіп келуі, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы және тағы басқа заңдар шешімін тапты.Бүгінде шетелдерде қазақ диаспорасының әртүрлі мәселелерге байланысты басын қосатын қазақ мәдени орталықтары бар. Қазақ мәдени орталықтары Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры»тікелей байланыста жұмыстар атқаруда.Қазақ мәдени қоғамдар мен Қауымдастық және «Отандастар қоры» бірлікте қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін шешуде атқарып жатқан жұмыстарының кейбірімақалада қамтылған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исабек , Б. і Қозғамбаева , Г. 2020. ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.11.