Патшалық Ресейдің Қазақстандағы ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтына күштеп араласуы қоғамның барлық салаларында, оның ішінде дінде қалыптасқан жүйені бұзады. Ресейдің отарлық саясаты, ең алдымен, байырғы халықтардың дін мен мәдениет саласындағы жетістіктерін жойып, өзіндік тәртіп орнатумен және тұрғылықты халықтардың империялық ақиқатқа бейімделуімен қатар жүрді. Оңтүстік аймақтарды жаулап алғаннан кейін патшалық Ресей діни саясатында араласпаудан біртіндеп қатаң бақылауға көшу жоспарын жүзеге асыра бастады. Ислам отаршылдыққа қарсы идеологиялық қаруға айналуы мүмкін деген қорқынышпен байланысты болды, сондықтан патшалық үкімет жоспары аймақты христиандандыруға үлкен үміт артты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2020
339
122
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдиханова, А. 2020. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.03.