Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР ТАРИХЫ

Жарияланған May 2021

160

179

Аңдатпа

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстанға қоныс аударту үрдісі ұйымдасқан және күштеу-мәжбүрлеу түрінде басталды. Халықтарды жазықсыз жер аудару мәселелері кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында ғана тарихтағы «ақтаңдақтар» мәселелері зерттеле бастады. Сондай мәселелер қатарында жазықсыз күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры болды. Күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа ұлт өкілдерінің өткен тарихы-ның көлеңкелі тұстарының беттері ашылды. 1930 жылдардың ортасынан бастап Қазақстан аумағына жоспарлы түрде күштеп көшіру жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында тұрғындарды күштеп көшіру Сталиндік қуғын-сүргіннің құрамдас бір бөлігіне айналды. Мақалада Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы және соғыс уақытындағы тұтастай халықтарды күштеп қоныс аудару және депортация-ланған халықтар сенімсіз сатқын этностар қатарына жатқызылғаны қарастырылады. Бұндай саясаттың құрбандары болған халықтар: кәріс, неміс, поляк, армян, әзірбайжан, грек, қалмақ, қарашай, ингуш, шешен, балқар, қырым татарлары, түріктер т.б. болды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Исабек, Б. і Шаланов E. 2021. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).