ХХ ғасырда әл-Фараби мен Абай мұрасын зерттеу, ең алдымен, марксистік парадигма мен әдістеме аясында жүргізілді. 2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. Оның туындылары ХХІ ғасырда да заманауи әрі өзекті болып қала беретініні бәрімізге мәлім. Мақалада Фараби мен Абайдай қос алыпты бірлікте зерттеу мәселесі қарастырылған. Олардың ілімдеріндегі тарихи үндесім зерделеніп, еңбектеріндегі сабақтастыққа баға берілді. Ұлттық идея тұрғысынан шығармаларының құндылықтары, Әл-Фараби мен Абай өсиеттері бүгінгі күнмен байланыстырыла талданды. Бұл мақаланың мақсаты ұлы гуманист, демократ ғалым ретінде әл-Фараби мен Абайдың тарихи көзқарстарының қалыптасуын жүйелі және терең зерттеу болып табылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ойшыл, философ, ұстаз, қарасөз, дін, табиғат, мемлекет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Чекетаева, Р. 2021. ФАРАБИ МЕН АБАЙ ІЛІМДЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ҮНДЕСІМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).