Бұл мақалада Гурьев педагогикалық институтының тұңғыш әйел ректоры Дүймағамбетова Санду Дүймағамбетқызының (1919-2002) өмірі, педагогикалық және әлеуметтік қызметі, ол Атырау өлкесінің жоғары біліміне өлшеусіз үлес қосқан. С.Д.Дүймағамбетова институт басшысы ретінде сол кезде құрылған білім беруді, аспирантураны, тағылымдаманы жетілдіру институттары мен факультеттерін табысты дамытты, ғылыми зерттеулер мен шығармашылық демалыс жүйесінде сауатты жұмыс жасады, ғылыми қызметпен айналысатын оқытушыларға іссапарларды тиімді жоспарлады. Профессор-оқытушылар құрамы ректор С.Д.Дүймағамбетованың басшылығымен болашақ педагогикалық кадрларды сапалы кәсіби-педагогикалық даярлауда, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда, кәсібін жан-жақты және терең қаруландыруда, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық дайындықта үлкен жетістіктерге жетті.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аккали, А. 2021. АТЫРАУЛЫҚ ТҰҢҒЫШ ӘЙЕЛ РЕКТОР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).