Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙДІҢ САҚТАРҒА ЖАСАҒАН ЖОРЫҒЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРСЫЛЫҚТАРЫ

Жарияланған May 2021

1358

197

Аңдатпа

Филип жүргізген әскери реформаның арқасында б.з.д. IV ғасырда Македон патшалығы үлкен күш-қуаты тасыған мемлекетке айналды. Кейін осындай мұраның арқасында Александр Македонский дүние жүзіне гегемондық жасау үшін сол кездегі әлемдегі ең күшті Парсы империясымен күрес жүргізіп қана қоймай, оны ашық майдан даласында тас-талқан етіп жеңуге мүмкіндік алады. Осы шайқастардың бәрінде де сақтар Александр Македонскийдің гегемондығына қарсы тұру үшін парсылар жағында одақтас ретінде қатысқан болатын. Алайда сақтардың жауынгерлік рухының жоғары болғанына қарамастан ІІІ Дарийдің жігерсіздігінен грек-македон әскері жеңіске жетеді. Өзінің әскери табысын одан әрі дамытқан Александр Македонский сақтардың иелігіне дейін басып кіреді. Осыған байланысты мақалада Александр Македонскийдің басқыншылық шапқыншылығына қарсы сақтардың азаттық жолындағы соғыстары деректердің негізінде баяндалады. Әсіресе Спитамен бастаған сақтардың Александр Македонскийдің әскерімен жүргізген шайқастары жан-жақты талданады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джурсунбаев, Б. 2021. АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙДІҢ САҚТАРҒА ЖАСАҒАН ЖОРЫҒЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРСЫЛЫҚТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.21.