Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ-ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТАТАР ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Жарияланған May 2021

136

137

Аңдатпа

Ғасыр басында түркі жұртының оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу ұлтжанды зиялылары халықтың рухани мұраларына ерекше ден қойып, бар ерік-жігерін оқу-ағарту саласының күшеюіне бағыттады. Бұл жолда татар зиялыларының атқарған рөлі мен орны ерекше. Татар зиялылары тек өз халқының ғана емес, бауырлас, діндес өзге де түркі – мұсылман халықтарымен тығыз байланыстар орнатып, олардың мұң-мұқтажына көпшіліктің назарын аударуға талпынды. Осы бір талпыныстар татар баспасөздерінен айқын көрінді.
Татар зиялылары еңсені басқан отарлық езгіден халық рухын көтерудің бір құралы баспасөз деп білді. Расында да жерінен, саяси бостандығынан айырылған талай түркі-мұсылман жұртының соңғы үміті, соңғы тірегі баспасөз болатын. Сонымен қатар оқу-ағарту саласында, баспаханалардағы жұмыстарда да татар зиялыларының қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы ағартушылық қызметіне жоғары баға беруге болады

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Саркулова , С. 2021. ХХ-ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТАТАР ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.06.