Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЭСТОНИЯНЫҢ КЕҢЕС ОДАҒЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Мақалада 1940 жылы Эстонияның Кеңес Одағы құрамына енгізілуінің әлеуметтік-экономикалық салдары және осы өзгерістермен сабақтасқан күштеп көшіру саясаты тарихнамалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кеңестік биліктің Эстониядағы саяси және шаруашылық қайта құруларының мазмұнын ашып, Балтық өңірінен Қазақ КСР-іне бағытталған көші-қон мен депортация үдерістерінің тетіктерін, ауқымын және салдарын анықтау. Деректік негізге Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, Ресей Федерациясының мемлекеттік және ведомстволық архивтерінің материалдары, НКВД есептері, партиялық статистика, жарияланған құжаттар жинақтары мен депортация куәгерлерінің естеліктері алынды. Жұмыста тарихи-салыстырмалы, тарихнамалық, жүйелік және деректанулық талдау, сондай-ақ сандық мәліметтерді салыстыру тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде 1940–1943 жылдары Қазақстандағы партия ұйымдарында тіркелген эстондардың саны өскені, депортацияланғандар қатарында лютеран дін қызметкерлерінің болғаны және олардың мүлкі мен діни инфрақұрылымының мемлекет қарауына өткені анықталды. Кеңестік экономикалық орталықтандырудың сыртқы саудаға, жеке меншікке және шетелдік инвестицияларға ықпалы да сараланды. Тарихнамалық салыстыру кеңестік, посткеңестік және батыстық зерттеулерде оқиғалардың құқықтық бағасы, депортация көлемі мен әлеуметтік салдары әртүрлі түсіндірілетінін көрсетті. Қорытындыда Эстониядан көшірілген адамдардың Қазақстанға бейімделуі тілдік және мәдени сабақтастықтың әлсіреуімен қатар жүргені, ал мәселені толық ашу үшін архивтік статистика мен жеке естеліктерді өзара тексеру қажет екені тұжырымдалды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ермеккалиев, А. і Асымова, Д. 2026. ЭСТОНИЯНЫҢ КЕҢЕС ОДАҒЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.010.