Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ (2016-2026)

Жарияланған September 2026

0

Казахская академия спорта и туризма
Аңдатпа

Мақалада 2016-2026 жылдар аралығындағы Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық даму ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ресми статистикалық мәліметтер, халық санағының материалдары және демографиялық көрсеткіштер негізінде өңір халқы санының өзгеру динамикасын, этникалық құрамындағы трансформацияларды, табиғи өсім мен көші-қон үдерістерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ урбанизацияның демографиялық дамуға ықпалын анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, статистикалық, жүйелік талдау және демографиялық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Ақтөбе облысында халық санының тұрақты өсу үрдісі сақталғаны, қазақ халқы үлесінің артуы мен өзге этностар үлесінің салыстырмалы түрде төмендеуіне ішкі және сыртқы көші-қон үдерістерінің ықпал еткені анықталды. Сонымен қатар урбанизация деңгейінің жоғарылауы, қала және ауыл халқының арақатынасының өзгеруі, табиғи өсім мен жас-жыныстық құрылымдағы өзгерістер өңірдің қазіргі демографиялық даму ерекшеліктері ретінде бағаланды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – 2016–2026 жылдар аралығындағы Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуы соңғы ресми статистикалық деректер негізінде кешенді түрде талданып, өңірдің қазіргі демографиялық үрдістері мен олардың әлеуметтік-экономикалық даму барысына ықпалы ғылыми тұрғыдан бағалануында.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салимгереева, Ш. 2026. АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ (2016-2026). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.024.