Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ (1935–1937 ЖЖ.)

Жарияланған June 2026

0

0

НИШ
Аңдатпа

Бұл мақалада 1935-1937 жылдары Қазақ Орталық Атқару комиетінің төрағасы қызметін атқарған Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың осы қызмет барысындағы атқарған елеулі істері туралы баяндалады. Атап өткенде 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан кейінгі Қазақстаннан үдере көшкен халықты елге қайтару барысындағы қызметі, жергілікті халықты кәсіппен қамту, халықтың дәстүрлі шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстары, әсіресе, түйе шаруашылығын жандандыру шаралары,  қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолындағы қызметі, қазақ балаларының білім алуына жағдай жасауы,  балалар үйіндегі қазақ балалардың әл-ауқатын арттыру бойынша жасаған жұмыстары, мемлекеттік басқаруда жергілікті халық арасынан кадр жасақау барысындағы қызметтері мұрағаттық деректер негізінде талданып жазылды. 

 Зерттеудің мақсаты – оның республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформаларды жүзеге асырудағы рөлін мұрағатық құжаттар негізінде талдау. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы мұрағатарының құжаттары, мерзімді баспасөз материалдары және отандық тарихнамалық еңбектер пайдаланылды. Мақала нәтижелері Ұзақбай Құлымбетовтің Қазақстанның мемлекеттік басқару тарихындағы орны мен қызметінің маңызын айқындауға мүмкіндік береді. Мақаланың өзіндік ерекшелігі де Ұзақбай Құлымбетовтың басшы ретіндегі қызметінің қыр-сырларын ашып көрсету болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурбаева, Д. 2026. ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ (1935–1937 ЖЖ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.031.