Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

«ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақтардың босқыншылыққа ұшырауы» атты курсты деректер мен цифрлық тарих негізінде оқыту әдістемесі

Жарияланған June 2026

0

0

КазНПУ
Аңдатпа

әлеуметтік-саяси өзгерістердің салдарынан орын алған қазақ халқының жаппай босқыншылыққа ұшырау мәселесін оқытуға арналған «ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақтардың босқыншылыққа ұшырауы» атты элективті курстың мазмұны мен оны оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тарихи деректерді, жаңа архивтік құжаттарды және цифрлық тарих технологияларын пайдалану арқылы аталған курсты оқытудың тиімді әдістемесін ұсыну және оны білім беру тәжірибесіне енгізудің мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеу барысында статистикалық мәліметтер, естеліктер, мерзімді баспасөз материалдары, мен цифрлық ресурстардың білім беру әлеуеті талданды.

          Мақалада тарихи білім берудегі дерекке негізделген оқыту ұстанымдарының маңызы айқындалып, білім алушылардың тарихи оқиғаларды жан-жақты түсінуіне мүмкіндік беретін оқу тапсырмаларының үлгілері ұсынылады. Сонымен қатар цифрлық тарихтың мүмкіндіктері, атап айтқанда интерактивті карталар, цифрлық архивтер, деректер базалары, мультимедиялық платформалар және визуализация құралдарын пайдалану арқылы тарихи үдерістерді оқытудың ерекшеліктері сипатталады. Авторлар курсты оқыту барысында тарихи деректерді салыстырмалы талдау, құжаттарды интерпретациялау, тарихи карталармен жұмыс жасау, цифрлық жобалар әзірлеу және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістеріне ерекше назар аударады.

          Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тарихи деректер мен цифрлық технологияларды кешенді пайдалану білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын, сыни талдау қабілеттерін, зерттеушілік құзыреттерін және тарихи санасын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар ұсынылған әдістеме білім алушылардың ұлттық тарихтың күрделі және өзекті мәселелерін терең түсінуіне, тарихи жадыны қалыптастыруға және деректермен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мақалада ұсынылған ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқыту тәжірибесінде қолдануға бағытталған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Kundyzbay , D. 2026. «ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақтардың босқыншылыққа ұшырауы» атты курсты деректер мен цифрлық тарих негізінде оқыту әдістемесі . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.014.