Мақалада автор кеңестік кезеңдегі тарих оқулықтарының жасалу проблемасын, атап айтқанда 1920-1930-шы жылдардағы жағдайын тарихнамалық және кеңестік билік орындарының қаулы-нұсқаулары материалдары негізінде қарастырады. Автор өз зерттеуі нәтижесінде Қазақстанда кеңестік билік орнаған жылдардан бастау алатын тарих оқулықтарындағы кеңестік бірегейліктің қалыптасуға бағыт алуының ерекшеліктерін анықтап, дәйектейді. Қазақстандағы көріністерін талдауға алады. ХХ ғасыр басындағы қазақстандық қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының отандық тарихы бойынша оқулықтар мен бағдарламалар жасаудағы үлесі қарастырылады. Мақалада 30-жылдардағы кеңестік тарих ғылымындағы өзгерістер талқыланады. Кеңестік тарихи тұжырымдаманың қалыптасуы ұлттық тарихқа әсер еткені туралы қорытынды беріледі.
«КЕҢЕСТІК БІРЕГЕЙЛІККЕ» БАҒЫТ АЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Жарияланған June 2021
365
142
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурман, Ш. 2021. «КЕҢЕСТІК БІРЕГЕЙЛІККЕ» БАҒЫТ АЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.06.