Мақалада 1937-1938 жылдардағы Алматы қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының әлеуметтік келбетін зерттеудегі заманауи сандық технологияларының рөлі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – сандық тарих (Digital Histary) құралдарын пайдалана отырып, репрессия құрбандарының мәліметтерін жүйелеу және олардың әлеуметтік панорамасын сандық моделдеуді жүзеге асыру болып табылады. Автор архивтік құжаттарды формализациялау, реляциялық деректер базасын құру және ГИС – технологиялар арқылы, «террор топографиясын» жасаудың метологиялық алгоритмдерін ұсынады. Зерттеу нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудің пәнаралық инновациялық моделі ғылыми тұрғыдан негізделген. Алматы қаласы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына қазақ зиялылардың ең көп шоғырланған орталығы болды.
Сондықтан бұл аймақтағы репрессиялардың өзіндік ерекшеліктерін сандық форматта зерделеудің маңызы зор. Зерттеу барысында Қазақстан Республикася Президентінің Архиві, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві, ҰҚК мен ПМ арнайы мұрағаттарындағы құжаттар кешені пайдаланылды. Атап айтқанда, №141, №708, №1146 қорлар материалдары мен «Азалы кітап» қорлар материалдары мен «Азалы кітап» мәліметтері негізге алынды. Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары жарық көрген 50 томдық құжаттар жинағы деректік базаны сапалы толықтырды. Сонымен қатар, мақалада тарихи жадыны сақтаудың цифрлық платформаларын құрудың теориялық және практикалық негіздері халықаралық тәжірибемен салыстырыла отырып таңданған. Сондай-ақ, мақалада НКВД органдарының тергеу әдістері мен «үштіктер» (тройка) қызметінің саяси астарына цифрлық талдау жасалып, олардың заңсыз әрекеттері әшкереленді. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтірудің маңызды құралы. Осылайша, зерттеу жұмысы Отандық тарихнамадағы цифрлық жүйелеу арқылы мәселені негіздейді.

