Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, ҚЫРҒЫЗ, ҚАЗАҚ ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған March 2026

1

0

НАО "Университет им Шакарима г.Семей"
Аңдатпа

Бұл мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911 жылы жарық көрген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі қазақ тарихнамасы мен ұлттық тарихи сананың қалыптасу үдерісі контексінде кешенді түрде талданады. Шежіре (араб. Шаджарат - бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Ру тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалып­тасқан ресми шежіре мәдениетті елдерде кездеседі. Шәкәрім шежіресі бұл анықтама аясынан да кең мәселелерді қамтиды, қозғаған мәселелері аса ауқымды. Онда бір ғана халықтың шығу тегі, даму тарихы емес одан әлдеқайда кең көлемдегі мәліметтер сараланады.

Зерттеу барысында еңбектегі қазақ этногенезі мәселесі, түркілік тарихи сабақтастық идеясы, хандық биліктің генеалогиялық легитимациясы және шежіренің мәдени жады институты ретіндегі қызметі қарастырылады. Шәкәрім қазақ халқының шығу тегін Нұх – Яфас – Түрік - Оғыз желісі арқылы жүйелеп, қазақ тарихын исламдық және түркілік өркениеттік кеңістікпен байланыстыра түсіндіреді.

Мақалада шежіренің тек генеалогиялық мәтін емес, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған концептуалдық еңбек екендігі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Деректанулық, мәтінтанулық және тарихи-салыстырмалы әдістер арқылы еңбектің мазмұндық құрылымы мен тарихнамалық орны айқындалады. Зерттеу нәтижелері Шәкәрім шежіресінің қазақ халқының тарихи субъектілігін бекітудегі маңызын көрсетуге мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тoкишкaдыpoв Б., Мамырбеков, А. і Садыков, Д. 2026. ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, ҚЫРҒЫЗ, ҚАЗАҚ ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.025.