Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ПӘНАРАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ

Жарияланған March 2026

1

1

1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Түркістан өлкесіндегі зайырлы және мұсылмандық оқу орындарының қызметі пәнаралық тұрғыда жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде өңірдегі білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ оны оқытуда тиімді пәнаралық әдіс-тәсілдерді айқындау болып табылады. Автор зайырлы мектептер (орыс-түзем мектептері, қалалық училищелер) мен дәстүрлі мұсылмандық оқу орындарының (мектеп, медресе) құрылымы, оқу мазмұны, оқыту әдістері мен әлеуметтік қызметіне салыстырмалы талдау жасайды.

Зерттеу барысында аталған білім беру мекемелерінің қызметі тек тарихи тұрғыдан ғана емес, педагогикалық, мәдениеттанулық және деректанулық аспектілерде де қарастырылып, олардың қоғамдағы орны мен рөлі кешенді түрде ашылады. Сонымен қатар, патшалық Ресейдің отарлық білім беру саясаты, жергілікті халықтың ағартушылық қозғалысы, жәдидтік реформалардың ықпалы сияқты мәселелер кеңінен талданады. Мақалада архивтік құжаттар, статистикалық мәліметтер, мерзімді баспасөз материалдары және отандық, шетелдік зерттеушілердің еңбектері дерек көзі ретінде пайдаланылған.

Пәнаралық оқыту тәсілдері арқылы білім алушылардың тарихи ойлау қабілетін, деректерді сыни тұрғыдан талдау дағдыларын және мәдени-әлеуметтік үдерістерді түсінуін дамыту мүмкіндіктері айқындалады. Сонымен қатар, интерактивті әдістерді, соның ішінде инфо-графика, интеллект-карта, салыстырмалы талдау және дерекпен жұмыс істеу тәсілдерін қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде Түркістан өлкесіндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктерін оқытуда интегративті, пәнаралық тәсілдердің маңызы дәлелденіп, оларды қазіргі білім беру үдерісінде қолданудың практикалық жолдары ұсынылады.

pdf
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахметов, С. 2026. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ПӘНАРАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.018.