Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІ (АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ МЫСАЛЫНДА): ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІ (АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ МЫСАЛЫНДА)

Жарияланған September 2026

0

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Аңдатпа

Мақалада жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде тарих мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінің тарихы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі болашақ тарих мұғалімдерін даярлау тәжірибесі алынды. Жұмыста педагогикалық білім берудің мазмұны, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру тетіктері және тарихи білімді оқытудағы әдістемелік дайындық мәселелері талданады. Сонымен қатар тарих пәні мұғалімдерін даярлаудағы теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының мазмұны қарастырылады. Зерттеу барысында жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлық жүйесінің негізгі компоненттері – теориялық білім, педагогикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмыстары және әдістемелік дайындық екендігі анықталды. Университет қабырғасында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда тарихи білімнің ғылыми негіздерімен қатар, заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру, сыни ойлау, зерттеушілік дағдыларды дамыту маңызды рөл атқарады.

Мақалада тарих мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар сипатталады. Сонымен бірге жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру, болашақ тарих мұғалімдерінің кәсіби даярлығын арттыру бағыттары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері жоғары педагогикалық оқу орындарында тарих мұғалімдерін даярлау мазмұнын жетілдіруге және педагогикалық білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Дүйсенбайқызы, А. 2026. ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІ (АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ МЫСАЛЫНДА): ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІ (АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.033.