Кіріспе. Мақалада ұлт қайраткері, Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның (1866-1937) өз еңбектерінде қолданған қазақ мақал-мәтелдері тарихи және этнографиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу барысында Әлихан Бөкейхан әр түрлі зерттеулерінде қолданған мақал-мәтелдердің құрылымдық, тарихи, тілдік, этнографиялық ерекшеліктерін анықтау. Мақал-мәтелдердің ұлттық танымын бейнелейтін философиялық мазмұны мен құндылықтарын талдау. Қазіргі таңда ел арасында қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен салыстыра қарастыру. Зерттеу барысында мақал-мәтелдер тақырыптар бойынша бөлініп, қарастырылды. Мақаланы жазу барысында тарихи, этнографиялық және пән аралық байланыстары, жүйелеу мен тарихнамалық саралау, сипаттамалы-талдамалы әдістері қолданылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Әлихан Бөкейханның өзі жазған әр түрлі еңбектерінде кездесетін мақал-мәтелдер тарихи және этнографиялық тұрғыдан талқыланды. Мақал-мәтелдер сөз тіркесі емес ұлттық ойлаудың коды негізінде қарастырылды. Қорытынды. Мақаладағы мақал-мәтелдерден сол кезеңдегі әлеуметтік, қоғамдық және саяси мәселелерді, олардың төңірегіндегі қалыптасқан оқиғаларды білуге болады. Әр мақал белгілі бір себепке байланысты қолданылады. Әрбір мақал мен мәтел адамның ой мен идеясын анық жеткізеді. Мақаладан ғылыми тұрғыда Әлихан Бөкейханның қазақ рухани мұрасына еңбегінің мол екендігі туралы қорытынды жасалды. Әлихан Бөкейхан 160 аса мақал-мәтелді қолданғаны анықталды.
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚОЛДАНҒАН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Жарияланған June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Әлихан Бөкейхан, мақал-мәтел, тарих, этнография, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, дін, оқу-білім, жер мәселесі.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Конрбаев, Н., Сейтказина, К. і Қалиев, Ж. 2026. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚОЛДАНҒАН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.027.
