Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Елдес Омаровтың Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі ғылыми, педагогикалық және ұйымдастырушылық-ағартушылық қызметі (Орынбор кезеңі 1920–1925 жж.) талданады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің № Р-81 Халық ағарту комиссариаты (ХАК) және № Р-693 Киркрайды зерттеу қоғамы қорлары, сондай-ақ Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивіндегі А1565 қорының архивтік материалдарына негізделген. Автор Елдес Омаровтың халық ағарту мен ғылым салаларындағы қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Мақалада оның Наркомпростың Академиялық орталығы, Қырғыз (қазақ) ғылыми-әдеби кеңесі, Қазақ халық ағарту институты және Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы қызметіне қатысуына ерекше назар аударылады. Аталған дереккөздерді пайдалану Елдес Омаровтың жетекші ғылыми-білім беру институттарындағы нақты қызмет түрлерін қайта құрастыруға, оқулықтар әзірлеу, ғылыми терминологияны қалыптастыру, педагог кадрларды даярлау және қазақ тіліндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қосқан үлесін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері 1920-жылдардағы Қазақстанда ғылым мен білім беру жүйесін институционалдандыру үдерісіндегі қазақ зиялыларының рөлін нақтылап, бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген архивтік деректерді пайдалануға жол ашады.
ЕЛДЕС ОМАРОВТЫҢ ҚАЗАҚ АКСР ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ (ОРЫНБОР КЕЗЕҢІ)
Жарияланған March 2026
2
4
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурпеисова, Э., Абиль, Е. і Бекмагамбетов, Р. 2026. ЕЛДЕС ОМАРОВТЫҢ ҚАЗАҚ АКСР ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ (ОРЫНБОР КЕЗЕҢІ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.031.

